26.10.2020, 9:23
Оқылды: 78

Жарас - үздіктер қатарында

«Күзгі жүгіру-2020» атты өңір желаяқтарының басын қосқан Казталов ауданының ашық чемпионатында бақ сынаған бәйтеректік жеңіл атлет Жарас Айтуаров жүлдеге ілікті.

825F73F6-6C8D-4888-A1C3-6F0E8C0B919C

Он шақырымға жүгірген спортшылар арасында сынға түскен ол екінші нәтиже көрсетті.

-Жарыс жоғары деңгейде өтті. Өзімнің нәтижем қуантады. Көптен бері ресми жарысқа түспедім, оның үстіне аздап сырқаттанып қалғаным бар. Соған қарамастан жақсы нәтиже көрсеттім. Жоспарым бойынша 10 шақырымды 38 минутта жүргіріп өтуім керек еді. Мен 37 минутта мәре сызығын кестім. Бұл мен үшін жақсы көрсеткіш,- дейді Жарас Мұқанұлы.

Биылғы маусымды осылайша қорытындылаған желаяқ келер жылы бұдан да жоғары жетістіктерге жетуді көздеп отыр.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале