19.03.2023, 13:59
Оқылды: 8

Жәрмеңкеде баға арзан

Бәйтерек ауданы орталығы Переметныйда сайлауға орай орталық көше бойында, №155 сайлау учаскесінің маңында жәрмеңке ұйымдастырылды.

5025ae05-6f98-491d-b7b6-8366e061c7f2

         Оған ауылдық округтерден, Орал қаласынан шаруа қожалығының өкілдері, кәсіпкерлерін келіп, азық-түлік өнімдерін саттыққа шығарды. Мәселен, Макаров ауылынан келген «Жайылған» шаруа қожалығы өздері былтыр өсіріп, қоймада сақтаған көкөніс өнімдерін саттыққа шығарып тұр. Аталмыш қожалықтың өкілі Асылхан Жұматайұлының сөзіне қарағанда, бағалар арзандау. Мәселен, пияз  - 230, қырыққабат - 100, картоп - 150 теңгеден сатылуда. Сол себепті өнімді алушылар аз емес.

b258a08f-23a5-4332-a384-52a48428f156

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінен алынған мәліметке қарағанда, жәрмеңкеге он бес шақты кәсіпкерлік субъектісі қатысты.

Негізінен көкөніс және ет өнімдері саттыққа шығарылды.

5fa0159f-8bf5-4b84-ba30-e15e36f80735

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале