26.01.2023, 9:45
Оқылды: 27

Жарсуатта мұз айдыны бар

Мұз үстінде жүйткіп жүр, талай қазақ баласы. Мұндай теңеуімізді Бөрлі ауданының Жарсуат ауылдық округіне арнасақ артық болмас. Осы ауылдың балалары  мұз үстінде күні-түні сырғанап, ойнап жүр. Жарсуат ауылында тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында "Мұз айдыны" құйылды. 

Жарсуат

Қысқы спорт түрлерімен айналысатын ауыл тұрғындарына, әсіресе балаларға бұл үлкен қуаныш.

Қыстың сәні мұз бен қар екені мәлім. Балаларды қысқы спортқа тарту үшін әдемі етіп мұз алаңдарын салу керек. Қысқы спорт түрлерін ауылдық жерлерде дамыту өте дұрыс бастама. Ауылдың сықырлаған аязына шынығып өскен баладан көп нәрсе күтуге болады.

Айдана Абдрахманова, 

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале