31.07.2023, 21:09
Оқылды: 18

«Жарты жылда 59 адам діни бағытын өзгертті»

Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының басшысы Мақсат Раманқұлов Сырым ауданындағы кездесуде осылай деп мәлімдеді.
PHOTO-2023-07-26-10-21-46
- Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы халық арасында, соның ішінде мақсатты топтармен ақпараттық – түсіндіру, БАҚ – тағы, интернет желісіндегі діни экстремизмге қарсы насихат және дерадикалдандыру мен оңалту бағытындағы жұмыстарды жүзеге асырады.
Жылдың басынан бері басқарма мамандары, дінтанушылар, имамдар өңір бойынша деструктивті діни ағымның 856 өкілімен сұхбат жасап, пікірлескен. Нәтижесінде, 39 адам қазақстандық қоғам құндылықтарымен санасатын болды, яғни радикалды бағыттан қайтты. Ал, 20 адам дәстүрлі дінге оралды, – деді басқарма басшысы.
PHOTO-2023-07-26-10-21-47 (1)
Мақсат Раманқұловпен кездесуге мекемелердің қызметкерлері қатысып, сауал қойып, ой білдірді. Қазіргі таңда сала қоғаммен жұмысқа ерекше екпін қойып отыр. Облыс бойынша ақпараттық – түсіндіру топтарына 104 адам тартылған, оның 25 – і теологтар. Яғни, түсіндіруші топтардың ішінде діннің негізін білетін адамдар саны тек қана - 24,4 пайыз. Бәйтерек, Шыңғырлау, Жаңақала, Тасқала аудандарына теологтар керек.
Басқарма Сырым ауданындағы ақпараттық – түсіндіру тобының жұмыстарын талдай отырып, мақсатты топтармен жұмыс тиісті деңгейде жүргізілмегені анықталған. Аудитория тек мектеп оқушыларымен шектелген. Ағарту жұмыстарының аясын кеңейте түсу қажет.
Мақсат Аралбайұлы Жымпитымен бірге Бұлдырты ауылында болып, тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале