4.06.2021, 18:28
Оқылды: 135

«Жас Алаш» газетінің басшылығы – Жаңақала ауданында

Бүгін Жаңақала ауданына «Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінің өкілдері келді. Аудандық мәслихат хатшысы Дархан Закарин бастаған бір топ адам қонақтарды аудан қақпасынан күтіп алып, "қош келдіңіз" айтып, ақ пен бауырсақтан дәм татқызды. Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин арнайы қабылдап, қонақтардың қадамдарына сәттілік тіледі.

жас 1

Одан соң аудандық кітапханада жалғасқан кездесу еркін форматқа ойысты.

- Құрметті қонақтар, жиынға қатысушылар! Құрманғазы, Дина, Мәмен, Оқап, Қали сынды күй алыптары мен дарабоз домбырашылардың кіндік қаны тамған, Алаштың абызы атанған Әбіш Кекілбаев «Қазақ даласындағы күй астанасы» деп баға берген, киелі де қасиетті Жаңақала өңіріне қош келдіңіздер! Қадірлі жерлестер, ауданымызға «Жас Алаш» газетінің редакторы Қайрат Матреков, «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары Сейсен Ұлықбеков, саясаттанушы, қоғам қайраткері Дос Көшім, «Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Табылғали Сапаров, «Орал өңірі» газетінің ардагер журналисі Есенжол Қыстаубаев, «Жас Алаш» газетінің Батыс Қазақстан облысындағы тілшісі Тоқтар Кенжеғалиев келіп отыр, - деді аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы.

жас 2

Саясаттанушы Дос Көшім мен «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Қайрат Болатұлы сөз алып, келген мақсаттарын жеткізіп, оқырмандарға ұсыныс, пікірлері болса, айтуларын сұрады.

Зиялы қауым өкілдерінен ақын Закария Сисенғали, ақын әрі журналист Өмірзақ Ақбасов ой-пікірлерін білдірді.

Газет және оқырман, жер, медиация, жастар тәрбиесі сынды тақырыптарда ойлар айтылып, пікір алмасулар болды.

жас 3

Аудан әкімі Н.Қадырбайұлы елдің атынан «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Қ.Болатұлына, саясаттанушы әрі қоғам қайраткері Д.Көшімге «Тоқсанның төріндегі Жаңақала» атты кітапты сыйға тартты.

Кездесу кеші естелік суретке түсуге ұласты.

жас4

 

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале