26.05.2026, 22:30
Оқылды: 3

Жас ауылына мектеп түлектері сый жасады

Осыдан дәл жиырма жыл бұрын өздерінің шағын ауылынан білім алып, үлкен өмірге қанат қаққан 2006 жылғы түлектер Қараөзен ауылдық округіне қарасты Жас ауылына он екі қанатты киіз үйді тарту етіп, жерлестерін үлкен қуанышқа бөледі.
image-26-05-26-12-18
Араға уақыт салып, алтын ұя мектептерінде бас қосқан олар баянды бастаманың басынан табылып, мектеп оқушыларына бес дана доп, шағын орталыққа түрлі ойыншықтарды сыйға берді.
- Алақандай шағын ауылдың түлектері болса да, өзге мектептердің түлектерінен қалыспай, туған ауылы мен алтын ұя мектептеріне тарту жасаған Жас ауылының түлектеріне жерлестерінің атынан шынайы алғысымызды білдіреміз. Осындай елжанды ұрпақтардың бастамасы әр жыл сайын жалғас табатын болса, болашақта Алашқа ана болған ауылдар ажарлана түсер еді, - дейді Қараөзен ауылдық округінің әкімі Нұрхат Болаев.
Қыдыр Харесұлы,
Қазталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале