5.04.2022, 16:45
Оқылды: 58

Жас палуандар жүлделі оралды

Таяуда Теректі ауданы Подстепный ауылында «Балалар жылына» орай 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен ашық турнир өтіп, 200-ге жуық жас палуан бақ сынады. Жарысқа Жаңақала, Бөрлі, Теректі, Сырым, Қаратөбе аудандары, "Орал" спорт клубы, "Орал" балалар-жасөспірімдер спорт клубы, Подстепный ауылының командалары қатысты.

33

Замир Батыров пен Әсет Омаров баптаған жас палуандар жүлде алып, аудан мерейін асырды. Атап айтар болсақ, 35 кг салмақ дәрежесінде Әлімжан Саматов, 38 кг салмақта Нұрәлі Абайұлы ІІІ орынға ие болса, 23 кг салмақта сынға түскен Мадияр Қабидолла да қола жүлдені қанжығасына байлады. Ал +38 келіде бақ сынаған Әділжан Мәлікұлы қарсыластарының бәрінен айласын асырып, жеңімпаз атанды.

- Қазіргі таңда ұлттық спортымыз қазақша күреске ерекше көңіл бөлінуде. Жарыстар мен турнирлер де жиі-жиі ұйымдастырылады. Қол астымызда жаттығатын жас палуандарды жарыс арқылы шыңдаймыз. Бір алтын, үш қола медалға ие болдық. Бұл жарыстан тек палуандар емес жаттықтырушылар да үлкен тәжірибе алды деп ойлаймын, - дейді З.Серікұлы.

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале