29.11.2023, 16:30
Оқылды: 4

«Жас журналист» байқауы өтті

Жаңақала ауданындағы Жаңақала мектебінде Жанар Шуйкина жетекшілік ететін мектеп парламентінің өзін-өзі басқару ұйымы «Ақпарат» фракциясының ұйымдастыруымен «Жаңалықтың жаршысы» жобасы қолға алынған болатын. Жоба аясында мектепішілік «Жас журналист» байқауы өтті.

image-29-11-23-11-41-1

Байқауға 6, 7, 8-сынып оқушылары қатысты. Оларға «Үздік мақала», «Үздік репортаж» аталымдары бойынша жас қаламгерлер байқауының ережесіне сәйкес «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында мақала жазу және репортаж жасап, бейнеролик дайындау тапсырылған болатын.

image-29-11-23-11-41

Аталмыш байқауға мектеп оқушылары белсене атсалысып, оза шапқан үздіктер марапатталды.

Атап айтар болсақ, 6-сынып оқушысы Ернұр Қапез, 7-сынып оқушылары Әзиза Сатыбалды, Айжан Мағауия, 8-сынып оқушылары Дастан Қыден, Алмас Мұхамбетқали және Арсен Темірболатұлы.

image-29-11-23-11-41-2

Байқау нәтижесінде 6-сынып оқушысы Ақбаян Ғилымхан «Үздік мақала» бағамының жеңімпазы, 7-сынып оқушысы Қарақат Қабдырахим «Үздік репортаж» бағамы бойынша үздік деп танылды.

Айзада Жанұзаққызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале