6.05.2023, 12:01
Оқылды: 31

«Жасасын жеңіс мәңгілік!»

Бүгін Жаңақазан ауылдық округінде 7 мамыр -  Отан қорғаушылар және 9 мамыр Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай "Жасасын жеңіс мәңгілік" атты салтанатты жиын өтуде. Ұлы жеңісті жақындатқан батырларымыздың ерен еңбегіне бас ие отырып, ерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. 

IMG-20230506-WA0065

Жиын барысында ауыл әкімі Сәдуақас Губашев Ұлы Отан соғысында  қаза тапқан жерлестеріміздің ерлігі ешқашан ұмтылмай, жас ұрпақ жадында сақталатынын айтып, мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген ер азаматтарды мейрамдарымен құттықтады.

IMG-20230506-WA0074

Одан әрі ауылдық мәдениет үйіндегі концерттік бағдарламаға ұласты. Мерекелік жиында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, Жаңақазан ауылдық округінің әкімі Садуақас Губашев және 51809 "в" әскери бөлімінің командирі Әлімхан Мамбетов те құттықтау сөз сөйлеп, әскери  бөлім сарбаздарына алғысхат табыс етті. Ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Нұрсұлу Галимуллина да атаулы күнге орай сұрапыл соғыста бейбіт елдің болашағы үшін құрбан болған майдангерлерді еске алып,  Отан қорғаушылар күніне орай азаматтарға шын жүректен жылы лебізін арнады. Содан соң мерекелік кеш патриотты әндерден тұратын концертке ұласты.

IMG-20230506-WA0073

IMG-20230506-WA0068

IMG-20230506-WA0069

IMG-20230506-WA0070

IMG-20230506-WA0066

IMG-20230506-WA0075

IMG-20230506-WA0071

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале