1.02.2024, 16:00
Оқылды: 30

Жасөспірімдерге қарсы жасалған қылмыстың саны 22 пайызға артқан

Жәнібек аудандық полиция бөліміне облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев пен орынбасары Абылайхан Серіков келіп, бөлімнің жұмысымен танысты. Полиция қызметкерлерінің қатысуымен өткен жиында сөз алған Арман Молдиярұлы мемлекет Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында талқылаған мәселелерін жеткізді.

FB_IMG_1706699877444

- «Заң мен тәртіп үстемдігі бұлжымас шарт. Ел ішіне іріткі салғандар қатаң жазалануы тиіс», - деп күрмеуі әлі күнге дейін шешілмеген түйткілдерге қатысты Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы тапсырмалар берді. Ол жиынға Жәнібек аудандық полиция бөлімінің бастығы Айшуақ Сейітқазиев те қатысқан еді. Ендігі кезекте полиция қызметкерлерін, яғни біздерді маңызды жұмыстар күтіп тұр. Халқымыздың бақытты ғұмыр кешуіне біздер жауаптымыз, - деді Арман Оразалиев.

FB_IMG_1706699884453

Оның ішінде буыны қатаймаған балалардың тәртібі күн тәртібінен ойып тұрып орын алды. Олай деуіміздің себебі былтыр жасөспірімдерге қарсы жасалған қылмыстың саны 22 пайызға артқан. Одан бөлек тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ушығып тұрғаны, есірткі саудасымен білек сыбанып күресу жұмысы бар. Жиынға полиция қызметкерлерінен бөлек еңбек ардагерлері де қатысты. Абылайхан Серікұлы тәртіп сақшыларына көрсетілетін қолдауды жеткізіп, ардагерлермен пікір алмасты. Арман Молдиярұлы оларға құрмет көрсетіп, ойлары мен ұсыныстарына құлақ түрді.

FB_IMG_1706699882224

 

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

FB_IMG_1706699879778

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале