19.12.2019, 16:08
Оқылды: 68

Жастар арасында байқау өтті

Жәнібек аудандық мәдениет үйінде Жастар жылына орай «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы және «Жәнібек» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Ел болашағы – жалынды жастар көзімен» атты I аудандық жастар байқауы өтті.

janibek jastar (2)

Аудан әкімі, «Nur Otan»партиясы аудандық филиалының төрағасы Азамат Сафималиев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

-Айтулы шара «Nur Otan» партиясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылып, Жастар жылы аясында елін сүйетін белсенді азаматтарды партия қатарына қосу және еліміздің басты партиясының беделін арттыруды мақсат етуде. Тұңғыш Президентіміз және Үкімет қазіргі толқынға, ел жастарына зор сенім, үлкен үміт артады. Ел ертеңі мен болашағы болып табылатын жастарымыз жалпы халықтың 30 пайызға жуығын қамтиды. Сондықтан жас буынға дұрыс жол және оң бағыт көрсету – басты міндет. Мемлекетімізде жастар саясатын арттырып, оларға қолайлы жағдай жасау мақсатында мол мүмкіндіктер қарастырылған. Атап айтқанда, «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел» секілді бағдарламалар жастарды тұрақты және уақытша жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Жастар арасындағы байқау оларға жаңа леп пен серпіліс беру бағытындағы жақсы бастама деп есептеймін. Қатысушыларға сәттілік және баршаңыздың дендеріңізге саулық тілеймін, – деді аудан басшысы.

janibek jastar (4)

Байқаудың ережесіне сай дода бес жанр бойынша бағаланды. Әділқазылар алқасының шешімімен «Үздік әлеуметтік жоба» (әр ауылдық округтің жастары «Nur Otan»партиясының «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы» партиялық жобалары аясында атқарылған шаралар негізінде жасаған әлеуметтік жобаларды көрсетіп, қорғау) аталымында I, II орындарды Тұрсынай Зұлпықарова, Сәбина Мұратиеленді. Шығарма жанрынан (эссе, шығарма) бірінші, екінші, үшінші орындарға тиісінше Нұрлан Едігенов, Аида Қожасова, Айнамкөз Тілеубалиева ие болды. Поэзия жанрында (жас ақындар патриоттық бағытта өз туындыларын мәнерлеп оқу) Нұрлан Әбесов бірінші, Біржан Мұхтаровекінші және Сағыныш Сырымов үшінші орындардан көрінді. Терме жанры бойынша бас жүлдені Нарынбек Халелов алса, вокалдан (патриоттық ән шырқау) бірінші, екінші, үшінші орындарды сәйкесінше Қуаныш Аждуов, Қажымұқан Хамидолла және Асылхан Сариев иеленді. Сонымен қатар «Жас қалам», «Үкілі үміт», «Шамшырақ» және «Жас дарын» аталымдарымен Дастан Ерсай, Айжұлдыз Тандыбаева, Ұлпан Сағынғалиева, Аслан Құзайыр марапатталды.

janibek jastar (3)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және бағалы сыйлықтар табысталды. Байқаудың басқа қатысушылары ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

janibek jastar (5)

Гүлзара Тілекқабылқызы

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале