4.11.2021, 12:34
Оқылды: 79

Жастар әскерге аттанды

Жуырда Сырым аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен бірнеше жас әскер борышын өтеуге аттанды. Ерге тән Отан алдындағы борышын абыроймен атқаруға аттанған азаматтар – біздің мақтанышымыз.

31

Жетікөл ауылдық округінің екі бірдей азаматы әскерге кетті. Олар – 2003 жылы туған Бақтияр Арсен Бекайдарұлы, Жамбыл облысы, Луговой ауылы 42062 әскери бөліміне әскери қызметін атқаруда. Екіншісі 2002 жылғы Сабит Қанат Қайратұлы. Қанат Сабит Аягөз қаласы, 10810 әскери бөлімінде. Аталған әскери бөлімде Жымпиты ауылының да екі азаматы, 2000 жылы туғандар Едресов Нұртөре Бауыржанұлы мен Талғатов Арсен Әділбекұлы да Отан қорғауда. Олар әскерге 22 қазан күні аттанған болатын.

32

Ал, 2003 жылы туған бұлдыртылық Сағынов Сейлхан 29 қазан күні Қапшағай қаласындағы 58012 бөлімге әскер қатарына алынды.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале