6.08.2023, 17:17
Оқылды: 19

Жастар – өр намыс пен күш-қайраттың символы

Бүгін 12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай  Жаңақала аудандық жастар ресурстық орталығының Көпжасар ауылдық кеңесші маманы Ж.Неғметовтың ұйымдастыруымен Көпжасар ауылдық округінің “Street work Out” алаңында аудан  жастары арасында кермеге тартылудан (турник), параллельді қос бөренеге таянып, шынтақты бүгіп-жазудан (брусья) стрет воркаут өнерін көрсетуден аудандық жарыс өткізілді.

image-06-08-23-01-54-2

Алдымен, Жаңақала аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Даурен Құбайдоллаұлы, Көпжасар ауылдық округінің әкімі Нұрбол Серікұлы, Көпжасар ауылдық мәслихат депутаты Азамат Ерсұлтанұлы және Бірлік ауылдық спорт әдіскері Болатбек Лесқалиұлы құттықтау сөз сөйлеп, салтанатты ашылу сәті өтті.

Жарыс ұйымдастырушы Ж.Неғметов жарыс ережесімен таныстырып, келген қонақтарға және қатысушы спортшыларға алғысын білдірді.

Жарысқа Бірлік, Жаңақала және Көпжасар ауылдық округтерінің спортшылары қатысып, бақтарын сынады.

image-06-08-23-01-54-6

Жарыс нәтижесінде:

Кермеге тартылудан Еламан Жексенов 1 орынға (Жаңақала ауылы спортшысы), 2 орынға Әзімхан Шангереев (Көпжасар ауылы спортшысы), 3 орынға Нұрлыбай Нұрмұханов (Жаңақала аудандық полиция бөлімі) ие болды.

Параллельді қос бөренеге таянып, шынтақты бүгіп жазудан (брусья) 1 орынға Еламан Жексенов (Жаңақала), 2 орынға Әзімхан Шангереев  (Көпжасар), 3 орынға Тілекжан Жангелдин (Бірлік) ие болды.

image-06-08-23-01-54-3

Жарысқа қатысушылар мен жеңімпаздар Жастар ресурстық орталығының арнайы диплом, медаль және қосымша сыйлықтарымен марапатталды. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты елдің алар асуы биік болады.

Халықаралық Жастар күні құтты болсын!

image-06-08-23-01-54-4

image-06-08-23-01-54

image-06-08-23-01-54-7

Жанна Миха,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале