19.01.2024, 17:45
Оқылды: 44

Жастар жалғызбасты зейнеткерлерге көмектесті

Теректі ауданының белсенді жастары жалғызбасты зейнеткердің үйіне мекенжайлық көмек көрсетті.

68a48b38-a683-40a9-93fe-b5e8ec4f479e

Теректі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында теректілік Л.Семенованың үйіне белсенділер барды. Еріктілер Федоровка №1 мектебінің оқушыларынан құралды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аманжол Сабырғали бастаған бір топ жас қарияның ауласын қардан тазартты.

6652ea72-2eaf-447c-8f0a-559210b32884

Топ жетекшісінің айтуынша, бұл жобаның мақсаты - қариялардың тұрмыс жағдайымен жақын танысып, аға буынға демеу көрсету. Сондай-ақ жастардың бойына еңбекқорлық, жауапкершілік сынды қасиеттерді сіңіру.

Жалғызбасты кейуананың қайырымы мол ауыл жастарына алғысы шексіз.

- Көмек сұрай салысымен еріктілердің келгеніне таң қалып, көңілім босап қалды. Келіп, көмек көрсетіп жүрген осындай жастарымызды тәрбиелеген ата-аналарына алғысым шексіз, - деп ризашылығын білдірді әжей.

Жалпы аудан жастары осындай игі бастамаларды жыл сайын қолға алып, қарттарға көмек көрсетуді дәстүрге айналдырып келеді. Осындай мейірім шарасы әр ауылдық округте ұйымдастырылып жатыр.

Жауһар Нұрым,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале