26.09.2022, 16:15
Оқылды: 40

Жастар жанашырлық танытты

21 қыркүйек күні Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, Қоскөл ауылдық округінің жастар жетекшісінің ұйымдастыруымен Шалғын ауылына «TAZA ЭКО-OLKE» атты экологиялық жастар акциясын өткізді.

шалғын (4)

Аудан орталығында әр салада қызмет етіп жүрген ерікті жастар бірлесіп, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созып, мекен-жайлық көмектер беріп, балаларға арналған қызықты ойындар ұйымдастырды.

Бағдарламаға сай ауыл тұрғындарына арналған концерт ұсынылып,  Қоскөл ауылдық округінің әкімі Әділет Мұсағалиев сөз сөйлеп, аудан жастарына өз алғысын білдірді.

шалғын (3)

Концерттік бағдарламада Жансая Лұқпан «Мүмкін емес», Нұрқанат Жәнібеков «Бозторғай», «Ауылға барам», Әділғазы Меңдіғали «Жан ана», «Аңсарым» әндерін тарту етті.

Акция соңында Қоскөл, Шалғын ауылдық округінің жастары және ерікті жастар шағын футболдан жолдастық кездесу өткізді.

шалғын (1)

– Жалпы шараның мақсаты – сәуір айында су тасқынынан зардап шеккен Шалғын елді мекенінің тұрғындарына көмек қол ұшын созу және ауыл тұрғындарының көңіл күйін көтеру болып табылады. Шараға қолдау білдірген аудан әкімдігіне аудандық мәдениет үйіне, аудандық білім беру бөліміне алғысымды білдіремін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нүркен Азаматұлы.

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале