3.05.2022, 15:30
Оқылды: 56

Жастар – жарыс жолында

Жәнібек ауданына 100 жыл толуына және Балалар жылына орай Жәнібек ауылындағы спорт кешенінде 2005 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында волейболдан ашық турнир өтті. Спорттық додада Жақсыбай, Қамысты, Күйгенкөл ауылдарынан және Жәнібек ауылындағы Т.Жароков атындағы орта мектеп, М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі, БЖСМ, №1 мектеп-лицей, Бөкей Орда ауданынан командалар бақ сынады.

5

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында командалық рухты күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға баулу һәм спорттық жарыстар арқылы жасөспірімдерді біріктіру.

Дүбірлі доданың ашылу салтанатына аудандық тілдерді дамыту, мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алтай Бақтығалиев жарыс жолына шыққалы тұрған жастарды құттықтап, сәттілік тіледі.

Дода бар жерде мәре бар. Жарысқа қатысуға өз ықыластарын білдірген 8 команда әдемі ойын өрнегін көрсетті.

Турнирдің қорытынды есебі бойынша Бөкей орда ауданының жасөспірімдер құрамасы - 1 орын, Жәнібек ауылының жас спортшылары - 2 орын, «Күйгенкөл» командасы - 3 орынды еншіледі. Шебер ойынымен көзге түскен Дияс Елемесов «Үздік шабуылшы» (Жәнібек ауылы), Әли Мадиярұлы «Үздік қорғаушы» (Күйгенкөл ауылы), Әбілмансұр Мұхамбетияров «Үздік ойыншы» (Бөкей Орда ауданы) аталымдарына лайық деп танылды.

Гүләсем Қуан,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале