1.02.2023, 15:45
Оқылды: 35

Жастарға арналған шара

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек»,- деген  болатын.

Елдің тірегі болып қана қоймай, болашақты да айқындайтын жастар буыны екені даусыз. Ал келешегін бағамдайтын қазіргі мемлекет жастарының санасы ояу, білімі жоғары болуы үшін барлық мүмкіндіктер берілуде.

9

Шыңғырлау  аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жастар – елдің оң күші» атты жаңа жастар саясаты туралы пікір алмасу, олардың қоғамдағы орны туралы баяндау, жастарды кітап оқуға шақыру мақсатында TABLE-TALK өткізілді. Шараға Шыңғырлау  жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық және аудандық экология және туризм орталықтарының, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудандық орталық кітапханасының жастары қатысты.

Шара барысында  аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Нұржан Қуанов ауданымызда жастардың  рухани, мәдени,  физикалық тұрғыдан дамуы үшін барлық қажетті  жағдайлар жасалғаны туралы айтса, аудандық экология және туризм орталығының қызметкері  Айкөркем Гайсиева жастар үшін тиімді «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жас мамандарға үлкен қолдау екені туралы өз пікірін білдірді.

Сонымен қатар аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық  орталығының мамандары Гүлжазира Исанова мен Серікжан Тасқалиев «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының тиімді тұстары туралы пікірлерін ортаға салып, бүгінгі буын ел тағдырын шешетін саяси науқандарға қатысуда да белсенділік танытайық десті.

TABLE-TALK барысында аудандық экология және туризм орталығының қызметкері Алексей Жақсылықов жастардың дамуына таңдау көп екені туралы айтса, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Телжан Орынғали  соңғы жылдары дәстүрлі ислам құндылықтары (ораза ұстау, жұма күні мешітке бару) жастар арасында белең алуы  бұрынғы атеисттік бұғаудан босап, ділі мен дінің сақтайтың  еңбекқор, адамгершілігі мол, еліміздің дамып өркендеуіне үлкен үлес қосар  адал жастардың қатарларының көбеюіне септігін тигізетініне сенімін білдірді.

Шара соңында  ел Президентінің Илон Масктың тәжірибесі мен өмірлік ұстанымын үлгі ету үрдіске айналғанын атап өткені туралы баяндалып, оқырмандар назарына «Илон Маск феномені» атты бейнебаян ұсынылып, кітапханашы  Зубенко Алена оқырмандарды кітап оқуға шақырып,  жастар таңдауындағы басылымдардан құралған «Кітаптың қызық әлемі» атты кітап көрмесінің шолуымен таныстырды.

М.Жаимова,

Шығырлау аудандық орталықтандырылған

кітапханасының кітапханашысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале