11.08.2022, 17:25
Оқылды: 44

Жастармен жарқын жүздесу

Тау ауылының жастары аудан басшысы Азамат Сафималиевпен жүздесті. Еркін форматта өткен кездесу әдеттегіден өзгерек болды. Жастармен өткен жарқын жүздесуде аудан әкімі олардың көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап берді. Жиында Азамат Сафималиұлы Жаңа Қазақстанның даму жолындағы көптеген өзгерістерге тоқталды. Сондай-ақ жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігі, еңбек арқылы ауылға тигізер пайдасы хақында кеңесін берді.

7

Осындай ғибратты әңгіме өрбіткен әкім, жастармен емен-жарқын сөйлесіп, ой-пікірлерін тыңдады. Ауыл жастарының сұрақтары ауыл мен аудан орталығының арасындағы жол мәселесі, ауыз судың сапасыздығы,жастарды тұрақтандыру мақсатында жас мамандарға жаңа тұрғын үйлер салу сынды бірқатар мәселелер төңірегінде болды. Аудан басшысы сұрақтарға тұшымды жауап беріп, ұсыныстары бойынша өз ойын ортаға салды.

8

- «Әкім бол, халқыңа жақын бол» демекші, тығыз жұмыс кестесіне қарамастан аудан басшысы бір сағаттан астам уақытын жастарға арнады. Бұл әрі халық пен биліктің қарым-қатынасын нығайтуға, әрі жергілікті ақтамінерлердің адами қасиеттерін танып, бағалауға жақсы мүмкіндік болды. Жастарды ауылға тарту керек. Алдағы уақытта да жастарға қолдау табылса деп ойлаймын,- дейді жиынға қатысқан мәдениет қызметкері Сымбат Капезова.

Ә.Садық,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале