7.04.2022, 18:00
Оқылды: 114

Жастығын жалын шарпыған...

Бүгін ауған соғысында қаза тапқан шыңғырлаулық жауынгер Радик Каймульдиевке арналған еске алу шаралары ұйымдастырылды. Ең алдымен Радик Каймульдиевтің ескерткіші алаңында митинг өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаев, Ауған соғысының ардагерлері, Радик Каймульдиевтің сыныптас достары, мекеме басшылары және Ақсай қаласынан арнайы келген әскери достары қатысты.

IMG-20220407-WA0064 (1)

Ауыр қазаға сеп болған тәжік-ауған шекарасындағы сол қанды айқас бір мәрте еске алынып, Отанды сүю, елдік мүдде, отбасы, елі үшін жан беруге дайын патриоттық сүйіспеншілік туралы тағылымды сөз сөйленіп, гүл шоқтары қойылды.

FB_IMG_1649330298980

Одан соң жиылғандар аудандық музей жұмысымен танысып, сарбаздың білім алған Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінде және Шыңғырлау колледжінде оқушы, студенттермен кездесу кеші ұйымдастырылды.

FB_IMG_1649330307815

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале