22.06.2022, 11:00
Оқылды: 113

«Жасұлан» жазғы демалыс лагері бірінші маусымын бастады

Жазғы демалыс науқаны басталды. «Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз!» деп шырқаған балалар  Шалқар жағасына ағылды. Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру Теректі аудандық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сай жүзеге асуда. Соған сай аудандық балалар шығармашылық үйінің жанындағы  «Жасұлан»  жазғы демалыс лагері бірінші  маусымын бастады.

IMG-20220621-WA0129

Бұл ауысымға  жалпы білім беретін мектептерде оқитын аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 50 бала қабылданды.   «Жасұлан» жазғы демалыс лагерь жұмысы алты ауысымға негізделіп, 300 баланың демалысын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Ашылу салтанатына Теректі ауданы әкімінің орынбасары Дамир Ғұмаров, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хұсаинова  арнайы қатысып, жас жеткіншектерге жақсы көңіл күй мен сәтті демалыс тіледі.

Федоровка жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Мақсат  Ғабдынасыр лагерьге келгеніне қуанып, өз әсерімен бөлісті.

– Маған «Жасұлан»  лагерінің  тәрбиеші апайлары ұнады. Табиғаты да тамаша екен. Себебі Шалқар көлінің жағасында орналасқан. Лагерден жаңа достар табамын деп ойлаймын, - деді Мақсат Нұрболатұлы.

Ендеше, сәтті демалыс болсын!

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале