3.08.2020, 17:30
Оқылды: 179

  Жасыл ел жасағы - Қызылобада

    «Жасыл ел» жастар жасағының сарбазы болу – қазіргі таңда үлкен жауапкершілік. Олай дейтініміз, студенттер мен жұмыссыз жастардың бос уақыттарында еліне қызмет етіп, туған жерін гүлдендіруге, көгалдандыруға атсалысса, екіншіден, жазғы демалыстарын тиімді өткізеді. Елбасы бастамасымен 2005 жылы құрылған  «Жасыл ел» республикалық бағдарламасы биыл алғаш рет Қызылоба ауылдық округінде өз жұмысын бастады.

F386C198-47D7-40F0-9546-972084A19C7F

Қоршаған ортаны көгалдандыру, табиғатты қорғау және жастарды жұмыспен қамту мақсатында қолға алынған бұл жасаққа ауылымыздан түлеп ұшқан 6 студент жас жұмысқа алынды. Атап айтар болсақ, Абуова Әлия, Абаева Аида, Ғазиз Әли, Кушкинбаев Рахат, Навен Айзада, Есполатова Анура аталмыш жасақтың сарбаздары.

Олар алғашқы жұмыс күнін  1 шілдеден бастаған болатын. Орталық саябақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, өсіп тұрған теректерді күтімге алып, абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосуда. Жастарға экологиялық білім беріп, оларды еңбексүйгіштікке, патриоттыққа, жинақылық пен тазалыққа тәрбиелейтін «Жасыл ел» бағдарламасының өскелең ұрпақ үшін маңызы зор.

«Жасыл елдің» формасын киіп жұмыс істеу жастарды  ұйымшылдық пен еңбектенуге жетелейді. Күннің аптап ыстығына қарамастан, ауыл жастарының жұмыс істеуге ынтасы зор.

0C0DCB91-DBBC-4133-81B6-E3D81BFDD6A5

Жастар жазғы демалыстарын ауылды көгалдандырумен қатар, өздеріне, киім-кешегіне, оқуына қаражат таба алады. «Жасыл ел» жан – жақты ойластырылған бағдарлама. Жастарды пайдалы жұмыстарға жұмылдырудың негізгі ошағы. Жалынды жастардың ауылымыздың гүлденуіне, болашағымыздың жарқын болуына үлкен үлес қосарына сенеміз.

Осы орайда, ауыл жастарына үнемі қолдау көрсетіп, жастардың жанынан табылған ауыл әкімі Нұржан Бердіғалиевке зор алғыс білдіреміз. Болашақта «Жасыл ел» жасағы ауылымызда өз жалғасын табады деп сенеміз.    

Айсәуле Шәріпқалиева,

Қызылоба ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі кеңесшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале