20.06.2022, 16:30
Оқылды: 76

«Жасыл ел» – жастарға қолайлы орта

«Жасыл ел» бағдарламасы 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама. Аталмыш бағдарлама көптеген жастың Отанға деген сүйіс­пеншілігін оятып, елімізді жа­сыл желекке айналдыруда олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алды. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегендей, жастардың жазғы де­малыстарын босқа өткіз­бей, жұ­мыс істеп, қосымша қаржы табуына мо­л мүмкіндік берді.

 WhatsApp Image 2022-06-20 at 15.18.11

Бұл бағдарламадағы басты ба­ғыт – табиғатты қорғау, экология­ны сақтау ғана емес, жас­тардың тәр­биесі мен еңбекке баулу. «Батыс Қазақстан бойынша «Жасыл ел» еңбек және құрылыс жасақтары» жеке мекемесі Қаратөбе ауданында маусым, шілде, тамыз айларына 60 студент-сарбазды қамтуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда маусым айында 20 студент жұмыстанып, аудан орталығындағы саябақтардағы арамшөптерді жұлып, тазалық жұмыстарын жүргізуде.

«Бағ­дар­ламаның тағы бір тиімді тұсы – жас­тарды еңбекке тарту», - дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрберген Жоламанов.

Бүгінгі таңда жастар тек қана қалаларда ғана емес, орманды өрт шалған ау­мақтарда да жұмыс істейді. «Жасыл ел» бағдарламасының аясында Қаратөбе ауданында қазіргі таңда 20 адам жұмыспен қам­тылып отыр. Аталмыш бағдарлама ая­сын­да еңбектеніп жүрген жастар көше­лер­ді, арық бойларын тазалап қана қой­май, футбол алаңдарын да тазалап, қураған ағаштарды ке­сіп, тас жол жиектерін әктеу сияқты игілікті іс жасауда бел­сенділік көрсетуде. Маусым, шіл­де, тамыз айларында тынбай жұмыс жасап, «Жасыл ел» жасақшылары қоршаған ортаның көркеюіне, қоғамдық орындардың таза тұруына өз септігін тигізуде.

 Әмірбек Жәнібеков,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале