7.07.2022, 18:14
Оқылды: 37

"Жасыл ел" жүз теректілік жасты қамтиды

Подстепный ауылындағы «Ұлы дала» саябағында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының аудандық маусымының ашылуы өтті. Оған Теректі ауданы әкімінің орынбасары Дамир Гумаров қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

WhatsApp Image 2022-07-07 at 16.51.00

«Жасыл ел» қозғалысы – 2005 жылы елімізде кең қанатын жайған болатын. Бұл бастама елдің тек қана көгалдануы мен тазалығын сақтауға емес, жалынды жастардың жаңа буынын тәрбиелеп, жастарды еңбекпен қамтуға, патриоттық рухын көтеруге үндейді.

Теректі де аталмыш жоба қолдауын тауып, соңғы үш жылда 150 жасты жұмыспен қамтыды. Ал биыл сарбаздар саны жүзге жетіп, төрт ай көлемінде Подстепный, Шаған, Шағатай, Ақжайық ауылдарының жастары өзара қарым-қатынас орнатып, ауданымыздың өркендеуіне үлес қоспақ.

Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Дамир Сансызбайұлы жастарға сәттілік тілеп, еңбектің қадірін сезіну арқылы белсенді болуға шақырды. Құттықтау сөз сөйлегендердің қатарында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының облыстық штабы басшысының уақытша міндетін атқарушы Берман Исаев, Ақжайық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұрлыбек Науханов және лагерь қатысушысы Күләш Қапенова болды.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының аудандық маусымының ашылуына орай Подстепный ауылдық мәдениет үйі өнерпаздары әсем әннен шашу шашты.

Әділет Әлібекұлы,

Теректі ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале