16.06.2022, 21:27
Оқылды: 54

«Жасыл елдің» кезекті маусымы басталды

Бүгін Казталов ауданында «Жасыл ел» жастар еңбек және құрылыс жасақтарының кезекті маусымының ашылу салтанаты өтті. «Достық» саябағында өткен салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Қадер Нұрғалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішева, Казталов ауылдық округі әкімінің орынбасары Сағат Нұрмұхамбетов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мұқағали Шоқпанов және белсенді жастар қатысты.

078ABA63-0BF9-4C15-BDE4-680BD6B6049A

Кезекті еңбек маусымының ашылу салтанатында «Ақ бүрку» рәсімі ұйымдастырылып, ауыл ақсақалдары  бата берді. Сонымен қатар Абай Мақсотов, Ерәлі Абдулов, «Қарлығаш» би ансамблінің бишілері мен «Жасыл ел» қатарындағы өнерпаздар өз өнерлерін паш етті.

Аудан әкімінің орынбасары Қадер Нұрғалиев жас еңбексүйгіш азаматтар мен азаматшалардың жұмыстарына сәттілік тілеп, маусымның ашылуымен құттықтады. Белсенді жастар заманауи би ырғағымен және «Жаңа Қазақстан! Жаса Қазақстан! Алға Жасыл ел!» ұранымен ашылу салтанатын қорытындылады.

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мұқағали Өтегенұлы:

-«Жасыл ел» жастар еңбек және құрылыс жасақтары сапында 80 сарбаз екі кезеңге бөлініп, маусым және шілде айларында Казталов және Жалпақтал ауылдық округтерінде өз жұмыстарын атқарады. Олар алдағы уақытта аудандағы саябақтар мен түрлі тазалық акцияларына қатысып, абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосады деген сенімдеміз, - деді ол.

8577DEB4-40CC-4BA6-9B42-18C67E7B9AC1

Ал «Жасыл ел» құрамында екінші жыл қатарынан еңбек етуге ниеттілер қатарында Жұлдыз Үмітқалиева да бар.

-Мен Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің 2-курс студентімін. Өткен жылы «Жасыл ел» құрамында қызмет етіп, ауданды абаттандыру жұмыстарына атсалыстым. Биыл да кезекті еңбек маусымында қызмет етуге ниет білдірдім. Алдағы уақытта ауданымыздың гүлденуіне өз үлесімді қосып, жастарға еңбек етуді насихаттаймын. Бұл жастардың бос уақытын тиімді пайдалана жүріп, табыс табуына үлкен мүмкіндік, - дейді жас сарбаз.

Облыста «Жасыл ел» еңбек және құрылыс жасақтарының VIII маусымы басталса, ауданымызда VI маусымы жұмысын бастады.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале