10.04.2024, 15:01
Оқылды: 5

Жатқа айтып, жарысты

Алла Тағаланың адам баласына қасиетті Құран Кәрімді түсіруі – өз пенделеріне көрсеткен шексіз мейірімі. Құран Кәрім – мұсылман баласының тура жолдан таймай, өмір бағытын дұрыс тауып жүруіне арналған басшы кітап. Құран Кәрім – сіз бен бізді жаратқан, бүкіл ғаламдардың иесі, ақырғы есеп-қисап күнінің жалғыз қожайыны Алла Тағаланың сөзі.

FB_IMG_1712723817520
Құран – тілмен оқылатын, жүрекпен қабылданатын, құлақпен тыңдалатын кітап. Онымен байланыста болу – ең абзал ғибадаттардың бірі әрі Аллаға жақындаудың бір жолы. Бұл кітаптың әрбір әрпінде он жақсылық бар. Жай оқығанның да, мағыналарына ой жүгіртіп оқығанның да бұл жақсылықтардан несібелері болмақ. Алла Тағала Құран мазмұнына бүкіл ғылым атаулының негіздерін сыйғызды. Онда үкімдер, шариғат талаптары, мысалдар, өнегелер, аспан әлемінің жүйесі тағы басқа көптеген мәселелер керемет дәлдікпен берілген.
Аудандық мешітте Құран жарысы өтті. Жарысқа мешіт жамағаты қатысып белсенділік көрсетті. Сайысымызға төрелік еткен аудандық мешітімізге келген Омар Абу есімді қари бауырымыз және аудан теологы Мұхамед Әлі Медетұлы мешіт имамы Мейірбек Закәрия төрелік етті. Сайысқа қатысушылар құранның 30 - парасынан жатқа айтып жарысты.
Бексұлтан Кереев құран оқудан алдына жан салмай,  І орынды талассыз иемденді.  Ал, ІІ орынға Нұртілек Нұрлыбекұлы, ІІІ орынға Нұрдәулет Кереев лайық танылды. Жүлделі орын иеленгендерге  ақшалай сыйлық берілді.

Сайыс соңында құран оқылып табиғаттан болған апаттан зардап шеккендерге құран бағышталды.

FB_IMG_1712723829757

Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале