11.02.2021, 9:09
Оқылды: 55

Жауапкершілік жүгін еселейді

Шыңғырлау ауданында жетінші жаңа шақырылымдағы мәслихаттың бірінші сессиясы өтті.

ECD5AB6D-EF9C-4BB3-B387-CE925638812B

“Nur Otan” партиясы фракциясы сайлау қорытындылары бойынша барлық деңгейдегі өкілді органдардың басым бөлігін қалыптастырды.

Жалпы, Шыңғырлау аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының құрамы 50%-ға жаңарды. Орташа жасы – 43,1 яғни 4 жылға жасарды.

Қорытынды партиялық тізім теңдестірілген. Яғни тізімдегі 5 кандидат – праймериз жеңімпазы, 3 кандидат Саяси кеңес бюросының квотасы бойынша бекітілген. Бұл аймақтық өкілдікті сайлаушылар санына сәйкес пропорционалды түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Партия Төрағасының мәслихаттардағы жастар мен әйелдердің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы нақты іске асырылды. “Nur Otan” партиясы сайлаушылардың ауданымызда 80,47%-ға ие болды. Сайлау нәтижесі партиямыздың жасампаздығын көрсетеді, басым дауысқа ие болуымыз партияның ел алдындағы жауапкершілігін еселейді. "Nur Otan" партиясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыратын болады. Осы мақсатта бесжылдық жоспар бекітіліп, аумақтың даму бағдарламасы жасақталды. Бағдарлама негізінде аудандағы жұмыссыздықты азайту, жайылымдық жерлерді кеңейту, шағын кәсіпкерлікті дамытуда қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несие мөлшерін еселеу, жол құрылысын сапалы жүзеге асыру, таза су өткізу және тағы басқа да ауданға қатысты мәселелерін нәтижелі шешу жоспарланып отыр.

Біздің сайлауалды басымдықтарымыз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында халықпен, оның ішінде шалғай елді мекендер тұрғындарымен жан-жақты талқылау қорытындысы бойынша қалыптастырылды.

Елбасы, партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Nur Otan» депутаттары әрбір өңірде, қала мен ауданда барлық сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуі тиіс», - деп атап өткен болатын.

2021-2025 жылдарға арналған Шыңғырлау ауданының аумағын дамыту бағдарламасындағы бағыттар бойынша нысаналы индикаторлар мен мерзімдер қойылды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы нақты істер партиясы ретінде «Nur Otan» барлық деңгейде өзінің сайлауалды уәделерін іске асыруды қамтамасыз ететіні анық.

        С. Байтенова,

 «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале