6.05.2022, 16:15
Оқылды: 46

Жауынгерлер құрметпен жерленді

Ағымдағы жылы М.Мәметова атындағы іздестіру тобының жұмыстары нәтижесінде Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округінің аймағындағы 365 разъезінде 10 теңіз әскери жауынгерлерінің сүйегі табылған болатын. Осы күнге дейін аталмыш жауынгерлердің тума-туыстарын іздестіру жұмыстары жүргізіліп келсе, бүгін Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Сайқын ауылындағы 196 Қызылтулы Гатчинск атқыштар дивизиясына арналған бауырластар монументі қасында жерленді.

WhatsApp Image 2022-05-06 at 15.58.54

Жауынгерлерді құрметпен жерлеу рәсіміне аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева, ҚР Тұңғыш Президенті - Н.Ә.Назарбаев атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің докторанты, подполковник Амангүл Алдабергенова, БҚО Қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығының орынбасары, подполковник Альберт Бекмұханов, М.Мәметова атындағы іздестіру тобының мүшелері, діни қызметкерлер мен жергілікті мекеме қызметкерлері мен мектеп оқушылары қатысты.

WhatsApp Image 2022-05-06 at 15.58.53
Өз кезегінде аудан әкімі сөз алып:
-Бәрімізге мәлім, Ұлы Отан соғысының ызғары біздің ауданымызға да салқынын тигізді. Дегенмен жерленгелі жатқан жауынгерлердің, ата-әжелеріміздің арқасында аспанымыз ашық, көк туымыз желбіреуде. Алдағы уақытта аспанымыз ашық боп, көк туымыз желбірей берсін, - десе аудан басшысы, қос подполковник Амангүл Алдабергенов және Альберт Бекмұханов жергілікті әкімшілікке және М.Мәметова атындағы іздесітру тобына алғыстарын білдірді.
Әскери ереже бойынша жерлеу рәсімін аудандық қорғаныс жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Асхат Сан және ҚР Әуе қорғаныс күштері 51 809-Б әскери бөлімінің қызметкерлері өткізді.

WhatsApp Image 2022-05-06 at 15.58.53 (1)
Аталмыш шара гүлшоқтарын қою рәсімімен аяқталды.

WhatsApp Image 2022-05-06 at 15.58.55

Еркебұлан Рахметоллаұлы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале