14.05.2022, 22:40
Оқылды: 75

Жаз мезгілінде сақтық шаралары күшейтілуі тиіс

Кеше Қаратөбе ауданы әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссия отырысы өтті.

IMG-20220514-WA0070

Комиссия отырысына ауылдық округ әкімдері, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және мекеме басшылары қатысты. Ең алдымен аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы отырысқа қатысушыларға жақында ғана аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы болып тағайындалған Махамбет Маралұлын таныстырып, жұмысына табыс тіледі.

Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссия отырысында жазғы маусым кезінде дала өртінің алдын алу, жаз мезгілінде су жағалауында суға шомылудың қауіпсіздігін қадағалау, және жазғы лагерлерде жазғы бассейндер ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Жиын барысында Қаратөбе ауданының ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэльс Искаков баяндама жасап, Қаратөбе ауданы аумағында 2022 жылдың 4 айында далалық жану және далалық өрт оқиғасы тіркелмегендігін атап өтті.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша 2022 жылғы жазғы суға шомылу маусымында аудан аумағында орналасқан су айдындарындағы адам өлімінің алдын алу бойынша жоспар жасақталды. Аудандық білім беру бөліміне балалардың жазғы демалыс кезінде су айдындарына бармау және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша хат жолданды.

Жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету бойынша баяндама жасаған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев:

– Қазіргі таңда жазғы демалысты қауіпсіз өткізу мақсатында дайындық жұмыстары жүруде. Оқушылардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2 қала сыртындағы лагерьдегі құтқарушыларды қайта даярлықтан өткізуге байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сұраныс берілді. Ауылдық жерлердегі лагерьлерде аттракциондар жоқ. Оқушыларға басқа елді мекендер мен қалалық жерлердегі саябақтардағы атракциондарды пайдаланудағы қауіпсіздік туралы түсінлірілді,- деді.

IMG-20220514-WA0072

Жиын қорытындысында аудан басшысы ауылдық округ әкімдеріне тиісінше тапсырмалар жүктеді. Атап айтсақ: ауылдың басты көшелеріне табиғи далалық өрт қауіпсіздігі жөнінде банер немесе бильбордтар орнату, дала өртіне дереу және уақтылы әрекет ету, жанар-жағармай, азық-түлік және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету, шаруа қожалықтарының және өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының дала алқаптарға іргелес аумақтарда, ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдарда, шабындықтарда сабанды өртеуге тұрақты бақылауды қамтамасыз ету қажет екендігін тапсырды.

Әмірбек Жәнібеков,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале