10.06.2023, 2:17
Оқылды: 31

Жазғы саябақтың ашылу салтанаты өтті

Жерұйығы Жаңақала – тарихы бай, шежіресі мол өлке. Осынау киелі мекенде Махамбет пен Құрманғазы,  Дина мен  Мәмен, Оқап пен Қали, Тұяқберді сынды текті тұлғалардың дүниеге келуінде де әлі ашылмай келе жатырған табиғаттың тылсым жұмбағы бар секілді. Жаздың тамылжыған керемет кешінде әсем саябақта, халықтың бос уақыты мен жазғы демалысын тиімді ұйымдастырып, оларға көңіл-күй сыйлау мақсатында өткізіліп жатырған «Жаңақалам – ән мен күйдің бесігі»  атты саябақтың ашылу салтанаты өтті.

IMG_3152

Салтанатты шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының иегері, Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы, Құрмет орденінің иегері, Жайықтың Ақ шағаласы атанған ақын  Ақұштап Бақтыгереева және "Айқын" газетінің бас редакторының орынбасары Гүлзина Бектас, "Айқын" сайтының журналисі Анар Қоныс және аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, ақын, жазушы Закария Сисенғали аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева мекеме басшылары, аудан тұрғындары қатысты. Саябақтың кіре берісінде қонақтарға ақтан дәм ұсынып, ауыл келіндері ілтипат көрсетіп, келген халықты қош көріп тұрса, сол жақ аумағында киіз үй шаңырағы құрылып, әжелер ұршық иіріп, немерелеріне ертегіден сыр шертті,  бір жағында «Жерлестер» фольклорлық ансамблі ауылдың алты ауызы шырқалып, күй тартылды. Оң жақ балаларға арналған алаңда Қ.Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, мәдени демалыс орталығының көркемөнерпаздары балалар алаңында ұлттық ойындар ойнатып, 2013 жылғы түлектер бүлдіршіндерге тегін тәттілер таратты. Алдымен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының ашылу салтанаты болып, А.Жаңабайұлы құттықтау сөз сөйледі.

IMG_3148

Әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасып ән айтылып, би билеп кештің ажарын айқындай түсті. Сонымен қатар  әр аптаның жұма күні ауылдық округтер дайындалған  концерттік бағдарламалар  ұсынатынын айта кетті. Кеше соңы биге ұласып, естелік суретке түсумен аяқталды.

IMG-20230609-WA0530

IMG_3135

Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале