8.02.2022, 10:00
Оқылды: 61

Жедел шешуді талап етті

Жетікөл ауылдық округінде Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Сырым мектеп - балабақша - бөбекжай кешенінің балабақшасына барып, тынысымен танысты.

IMG-20220208-WA0010

Балабақша-бөбекжайдың ересек және кіші топтарында 25, шағын орталығында 8 бала тәрбиеленуде. 5 тәрбиеші мен 3 көмекші олардың рухани жетіліп, өмір дағдыларын үйренуіне жұмыс жасап жатыр.

Төлеген Төреғалиев нысанды аралап, сәбилердің ойын бөлмелері, жатын орындарын көрді. Әсіресе мектеп басшылығына балалардың тамақтануы мен олар тұтынатын азық-түліктің сапасына ерекше назар аударуды тапсырды.

IMG-20220208-WA0006

Балабақшаның сантехникалық желілерін реттеп, қалдық сулар ағатын құдық орнату қажет екен. Аудан әкімі округ әкімі мен мектеп директорынан осы мәселені жедел шешуді талап етті.

Тәрбиешілер сұхбаттасу барысында Төлеген Төреғалиевке балалардың ордасына қол моторикасын дамытатын ағаш ойыншықтар да керек екенін айтып қалды.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале