17.08.2021, 16:19
Оқылды: 33

Железновтағы доп дода

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бәйтерек ауданы Железнов ауылының жастары шағын футболдан турнир ұйымдастырды. Бәйтерек спорт клубы  және  ауылдық округ әкімдігінің қолдауымен оздырылған жарысқа Переметный, Зеленый, Железнов округтарының командалары қатысты.

футбтк (3)

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортқа соның ішінде футболға деген қызығушылықты ояту мақсатында ұйымдастырылған аяқдоп бәсекесі қызықты өтті. Командаларды қолдай келген көрермендер де әр доп үшін жан таласқан ойыншылардың өнеріне лайықты бағасын беріп отырды.

Қорытындысында зеленыйлық команда үшінші, Железнов ауылдық округіне қарасты Новонький ауылының командасы екінші орынды иеленсе, переметныйлық жігіттер жарыс жеңімпазы атанды.

Одан бөлек үздік өнер көрсетіп, командасын алға сүйреген новенькийлық Салим Нұр «Үздік қақпашы», железновтық Аян Өтебаев «Үздік қорғаушы», Зеленый ауылы командасының көшбасшысы Замир Сақболсынов "Үздік шабуылшы" аталымын иеленсе, переметныйлық Нұржан Таңатаров жарыстың «Үздік ойыншысы» атанды.

Жеңімпаз бен жүлдегерлер және үздік ойыншыларға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале