15.12.2023, 17:52
Оқылды: 19

Желтоқсан құрбандарын еске алды

Бүгін ауыл жұртшылығы Бөкей ордасы ауданы орталығындағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойып, ел егемендігі жолында ғазиз жандарын құрбан қылған боздақтарымызды үнсіздікпен  еске алды.

IMG-20231215-WA0055

Ескерткішке  Желтоқсан оқиғасына қатысушылар Тілек Бекесов пен Ерсайын Хасенов,  желтоқсаншы Шолпан Хайрушева мен аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, желтоқсаншы Клара Шанауова мен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Тілеген Арыстанбековтер және басқа да тұрғындар гүл шоқтарын қойды.

IMG-20231215-WA0049

Естеріңізге сала кетсек, биыл ел Тәуелсіздігіне 32 жыл, Желтоқсан оқиғасына 37 жыл толды.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы

zhaikpress.kz

IMG-20231215-WA0044 IMG-20231215-WA0051

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале