15.12.2022, 19:37
Оқылды: 58

Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздік бастауы

Бүгін аудандық кітапханада ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне орай «Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздік бастауы» атты еске алу шарасы өтті.

WhatsApp Image 2022-12-15 at 19.00.31

Шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Садирова, «Надежда» ансамблінің жетекшісі Наталья Сажина, желтоқсан оқиғасы кезінде әскер қатарында болған Жәнібек ауылының тұрғыны Асылбек Қалмышев қонақ болып келді. Сонымен қатар мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.
«Надежда» ансамблінің жетекшісі Наталья Владимировна желтоқсан оқиғасы болған 1986 жылы өзінің жұмыс жасаған орындары, сол уақыттағы еліміздегі өзгерістер туралы айтып, естеліктерімен бөлісті.
1986 жылы әскер қатарында болған Жәнібек ауылының тұрғыны Асылбек Қалмышев та желтоқсан оқиғасын еске алып, әскери борышын өтеу барысында бастан кешкен оқиғаларымен бөлісті. Оларға көтеріліс болып жатқанын білдірмеу үшін барлық байланыс жүйелерін істен шығарып, теледидарларды көрсетпей қойғанын және тағы басқа оқиғаларды айтып өтті.

WhatsApp Image 2022-12-15 at 19.00.31 (1)
Шара барысында қатысушыларға сол жылдардан естелік бейнероликтер көрсетілді. Нұрлыхан Каримов пен Райымбек Нұрғалиев «Желтоқсан алаңы» өлеңін оқып, сол кездерді өлең жолдары арқылы еске алды. Өз кезегінде Ерданат Серіков пен Райымбек Каримов «Желтоқсан желі» әнін нақышына келтіріп орындады. Қажымұқан Хамидолла мен Асылан Боранбаев патриоттық ән шырқап жастардың рухын көтерді. «Жәнібек сазы» фольклорлық ансамблі «Желтоқсан», «Әлқисса» күйлерін орындады.
Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – тәуелсіздік үшін құрбан болған жандардың рухына тағзым етіп, келешек ұрпаққа осынау бейбіт күннің қаншалықты ауыр жолмен жеткенін түсіндіру.

Б. Серіков,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале