11.04.2017, 17:55
Оқылды: 29

Жеңімпаз атанды

Ақжайық ауданында 2000-2001 жылы туған жасөспірімдер арасында волейболдан Батыс Қазақстан облысының көктемгі чемпионаты өтті. Тартысты бәсекеге Жәнібек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы да қатысқан болатын.

Жарыс барысында жәнібектіктер топ жарып, жеңімпаз атанды. Сонымен қатар команда сапындағы волейболшы Ерасыл Мәдиев «Үздік ойыншы» аталымына ие болды.

Команда чемпионаттың кубогімен, медалімен және дипломымен марапатталды.

                                                                                   А. ЕСІРКЕПОВ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале