31.03.2021, 17:09
Оқылды: 49

Жеңімпаз педагог 500 мың теңгеге ие болды

Жуырда «Bilim Land» ұжымы Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарының тəрбиеші, əдіскер, педагогтері жəне пəн мұғалімдері арасында «Үздік, жаңашыл тəрбиеші» республикалық байқауын ұйымдастырған болатын. Аталмыш байқауға Жәнібек ауданындағы «Балдәурен» бөбекжайының орыс тілі пәнінің мұғалімі Гүлмира Чукина қатысты.

87D1B386-6574-4D50-9911-D7F451B7C9C7

Байқаудың барлық ережесі мен міндеттерін орындай отырып, өзінің үздік сабағын ұсынған педагог сол бағытта байқаудың www.BilimKids.kz сайтынан ең көп лүпіл жинап, республика көлемінде І орынға шығып, жүлде қорындағы 500 000 теңгені жəне жеңімпаз дипломын иеленді.

Ә.Әбділдақызы

Жәнібек ауданы

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале