22.11.2022, 16:30
Оқылды: 32

«Жеңіс батырлары» халықаралық байқауының бас жүлдесіне ие болды

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Өшпес ерлік» жобасы аясында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова мен Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Жеңіс батырлары» атты халықаралық интернет байқауға Т.Жароков атындағы ЖББОМ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлманат Жұмабаеваның жетекшілігімен қатысқалы отырған аталмыш мектептің 10 «а» сынып оқушысы Алина Амангелдіге Мәншүк Мәметова туралы өзімнің зерттеу мақалаларым хақында бейнесұхбат бердім.  

1

Арада тура бір ай уақыт өткенде «Жеңіс батырлары» халықаралық байқауының қорытындысы жарияланып, әділқазылар алқасының шешімімен Алина Амангелдінің осынау бейнесұхбаты 75 үміткер қатысқан байқауда тарихи мазмұнының құндылығымен ерекшеленіп, бас жүлдені жеңіп алып, 50 мың теңгенің сертификатын иеленді.

2

Т.Жароков атындағы ЖББОМ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлманат Саматқызы, Алина Амангелді мен осы мектептің 10 «а» сынып оқушысы,  бейнесұхбатты таспаға түсірген Фатиха Мирланқызына шығармашылық табыс тілеймін! Өлкетануға қатысты деректермен әрдайым өздеріңізді болашақта да қолдай беретін боламыз.

Меңдігүл Фазылова,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале