Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Шыңғырлау аудандық туризм және экология орталығының "Бір тұтас-тәрбие" жылдық жоспарына сай Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы - Шыңғырлау ауданы бағытында қосымша білім беру педагогтері 355 шакырымды кұрайтын 1-ші категориялық вело жорығы ұйымдастырылды.
Вело жорықтың мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, вело туризмді тәжірибе жөнінде іске асыру, жаңа маршрут салу, жастарға патриоттық тәрбие беру және туған өлке туралы ұғымдарын кеңейту.
Вело жорыққа біртұтас шыққан, туризм және экология орталығының педагогтары: А.Айдынгалиев, С.Шорабаев, Т.Исқалиев, А.Мақсотов және мектептен тыс жұмыс орталығының педагогы Р.Сагидулов.
С.Сулейманова,
туризм бөлімінің меңгерушісі
Шыңғырлау ауданы