9.05.2026, 14:34
Оқылды: 5

Жеңісті жақындатқан сіздер!

Бүгін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов 96 жастағы еңбек ардагері Сапар Хасановтың шаңырағына барып, сәлем берді.

PHOTO-2026-05-09-13-01-29

Сапар Хасанов – Отан от ортасында қалғанда ауылдағы аналарға жәрдемші болған бала, Жеңіс жылнамасын маңдай терімен жазған жан.

Жұмагелді Батырниязов қарияны Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен құттықтап:
- Жеңісті жақындатқан – Сіздер! - деп ұрпақ атынан алғыс айтты.

Хасанов Сапар Кәрімұлы бүгінде Бұлан ауылдық округі, Жамбыл ауылында тұрады.

Б. Шерім
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале