21.01.2021, 11:23
Оқылды: 25

Жер мәселесі толғандырады

Чеботаревта Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжановтың есептік кездесуінде алдымен округ әкімі Әдемі Жұманиязованың өткен жылы атқарған жұмысы жайындағы есебі тыңдалды.

61E9B591-3BE6-48BF-9CAE-EEAE162B0017

Егін егіп, мал шаруашылығын қарқынды дамытқан ауылда 30 кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Өткен жылы тағы 4 тұрғын өз кәсібін ашыпты. Ауыл тұрғындары негізінен сүт өнімдері мен қымыз өндіретін цехтарда қызмет етеді. Қандай қиындық болса да, адал еңбекпен нәпақа табатын тұрғындар жыл бойы үй шаруашылығынан өндірген сүт және сүт өнімдерін ауылдағы цехтарға тапсырып, отбасылық кіріс көзін айыратын көрінеді. Осы кезге дейін округке қарасты Хамино ауылында медициналық қызметкердің жоқтығы шешімін тапқан. Биылдан бастап аталған ауылға дәрігер бөлінді. Ауыл мәдениеті де жақсы жолға қойылған. Жергілікті өнерпаздар түрлі концерттер қойып, оны әлеуметтік желі арқылы таратуда. Сондай-ақ ұялы байланыс мәселесі де өткен жылы оң шешімін тауыпты.

-Ауыл көшелерін жарықтандыру керектігін де тұрғындар жиі көтеретін, қазіргі таңда бұл олқылықты толығымен жойдық. Жыл бойы ауыл маңы мен көшелерді тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Быковка өзенінің жағалауы мен бөгеті де қоқыстан арылды. Енді ауылды су басу қаупі сейілгенін айтқым келеді. Сондай-ақ «Асфа» ЖШС көмегімен ауыл маңындағы қоқыс тастайтын орын тазартылып, үйінділер тегістелді,-деді өз баяндамасында Ә.Жұманиязова.

AEEA3B68-F79C-43C3-AC17-939427C64E50

Кейін аудан басшысы Марат Тоқжанов  2020 жылды қорытындылап, алдағы міндеттерге тоқталды. Тұрғындар жыл санап мал басы артқан ауылда жайылым мәселесі бар екенін айтты. Бұдан бөлек ауылдың электр желілері мен бағандарын ауыстыру, мектепке оқушы тасымалына жаңа көлік алу мәселесі де ауыл азаматтарын толғандырады екен.

Аудан әкімі көтерілген мәселелер барлық ауылдарда кездесетінін айтып, жоспарлы түрде шешілетінін жеткізді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале