17.03.2023, 16:44
Оқылды: 7

Жергілікті өнім іздесеңіз...

Жергілікті тұрғындарды ұн өнімдерімен қамтуды мақсат тұтқан ауыл азаматы, кәсіпкер Қажымұрат Айдыналиев өз қаражатына наубайхана ашып, жеңілдетілген бағада ыстық нан сатып жатыр. «Ас атасы – нан» деген, бар байлықтың, құт пен ырыстың берекесі саналатын киелі істі қолға алған кәсіпкер Қажымұрат Бақтыгерейұлына сәттілік тілей отырып, сауда нүктесіне бас сұққан болатынбыз.

Нан өнімі (4)

- Жалпы аудан көлемінде жергілікті тұрғындарды азық-түлікпен қамтып отырған бірнеше сауда орындары бар. Барлығы дерлік ұн өнімдерін сырттан яғни, Орал қаласынан тасымалдайды. Қандай істің де сұранысы жоғары болса, өндірістің де үзіліссіз алға басатыны белгілі. Өнімді дайындайтын және сататын орындарды жалға алып отырмын. Тұтынушылар қатары жаман емес.  Жоғары, екінші сұрыпты бөлке нандар мен өрме батондар да дайындаудамыз. Күніне 250-300-ге жуық нан пісіріледі. Бағасы - 180 теңге. Сонымен қатар 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмын. Алдағы уақытта халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында уақытша қиындыққа тап болған жандар үшін жұма күндері тегін нан сөресін ұйымдастырсам деймін. Мүмкіндігінше ауылдық округтерді де қамтамасыз ету жоспарда бар. Әзірге жергілікті сауда нүктелері тапсырыс беруде. Қазір шағын бизнесті дамытуға мемлекет тарапынан қолдау айтарлықтай жоғары деңгейде. Сондықтан өндіріс орнын кеңейтіп, жергілікті өнім түрлерін көбейу ойда бар, - дейді кәсіптің қыр-сырына қанық Қажымұрат.

Нан өнімі (1)

Зара Жәрдемова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале