30.06.2021, 17:03
Оқылды: 84

Жергілікті журналистерге құрмет көрсетті

Қаратөбе ауданының полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Роман Дүйсеғалиев «Қаратөбе өңірі» газеті редакциясы ұжымына күні кеше ғана өткен төл мерекелерімен құттықтап, Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры М.Н.Аблазимовтың Қаратөбе аудандық «Қаратөбе өңірі» газеті редакциясы ұжымына жолдаған алғыс хатын табыстады.

 20210629110743_IMG_7243

85 жылдық тарихы бар аудан айнасы «Қаратөбе өңірі» газеті ұжымы өңірдің әлеуметтік-экономикалық салалардағы өркенді өзгерістерді тұрғындарға жеткізуде ерекше еңбек сіңіріп келеді.

Жергілікті журналистерді мерекелерімен құттықтап келген Қаратөбе ауданының полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Роман Дүйсеғалиев: «Аудан тұрғындары сіздерге сенеді, құлақ асады. Көп жағдайда қоғамдық көңіл-күй ахуалы да бұқаралық ақпарат құралдарына байланысты болып жатады. Бұқаралық ақпарат құралдары – билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір. Коронавирус инфекциясымен күрес кезеңінде тұрғындарымызға қажетті ақпаратты дер кезінде жеткізіп, еселі еңбектеріңіз үшін Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін. Журналистер қауымына жаңалықтарыңызбен қуантып, қаламдарыңыз мұқаламай, әрқашанда шығармашылықтарыңыз шыңдала беруге шын жүректен тілектеспін. Игі бастамаларыңызға шығармашылық табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз, - деді.

20210629165810_IMG_7262

Сонымен бірге аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Искаков та аудандық «Қаратөбе өңірі» газеті редакциясының қызметкерлерін құттықтады.

20210629165847_IMG_7264

Аудандық газет ұжымын мерекелерімен құттықтаған Мэлс Тілектесұлы «Қаратөбе өңірі» газетінің директор-редакторы Маралбек Амантаевқа БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Е.Утегеновтың алғыс хатын, газет қызметкерлері С.Хасанов пен Е.Райсовқа өз атынан құттықтау хат табыстады.

 

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале