23.02.2021, 16:09
Оқылды: 102

Жерлес шаңғышының алтынға бергісіз қола жүлдесі

Павлодар қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасы чемпионаты өтуде. Еліміздің ең үздік жас шаңғышылары бас қосқан байрақты бәсекеден өңір спортшылары шет қалмады.

IMG-20210223-WA0047

Жарыстың екінші күні спринт бәсекесінде бақ сынаған жас шаңғышы Еділбек Елубаев ІІІ орынға табан тіреді.

Бірнеше жылдан бері бапкер Серік Хайруллиннің қол астында жаттығып жүрген Еділбек екі жылдан бері ШҚО Риддер қаласындағы арнайы спорт интернатында білім алуда.

IMG-20210223-WA0040

- Көп жылғы тынымсыз еңбегімнің жемісін көрдім десем де болады. Өзі қатарлы ең үздік 80 шаңғышының арасынан суырылып, үштікке ілігу – біздер үшін жақсы көрсеткіш. Болашақта әлемдік додаларда бақ сынағымыз келеді. Осы бәсекеге келуіме қолдау білдірген облыстық спорт басқармасы мен БҚО шаңғы жарысы федерациясы басшылығына алғысымыз шексіз, - дейді бапкер С.Хайруллин.

ед

Бапкердің сөзінше, бұл бәсекеде Еділбектен бөлек тағы 11 жас шаңғышы облыс намысын қорғауда. Олардың ішінде Сырым Жәмиев, Мадина Жақсылықова жне Дамир Қабекесов атты спортшылардың нәтижесі көңілден шығыпты. Алғашқы күні Сырым 100 спортшы арасынан 13-ші орынға табан тіресе, спринтте жартылай финалға дейін жеткен. Енді спортшылар ақпанның 25-і күні конек дисциплинасы бойынша жарысқа түседі.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале