Елорда төріндегі Тәуелсіздік алаңында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған сән-салтанаты келіскен, айбыны мен айбары атой салған әскери парад өтті.
Салтанатты шараға 4 мыңнан астам әскери қызметші қатысып, 200-ден астам әскери техника мен майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы жұмылдырылды.
Айтулы шеруге елімізден ғана емес, алыс- жақын шетелдерден келген қонақтар да Қазақстанның айбынды әскеріне қызыға көз тікті.
Біздер үшін мәртебемізді асқақтатқан тағы бір сәт- осы шеруді жерлесіміз Ақшат ауылдық округінің тумасы, А.Тихоненко атындағы ЖОББМ-нің 1993 жылғы түлегі, Шыңғырлау ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаевтың басқаруы еді. Туған жерінен тәлім-тәрбие алып, бүгінде аудан-облысымыздың мерейін асқақтатып жүрген Мереке Көшекбаев болашақта әскери қызметті жаны қалайтын жастар үшін үлгі болар тұлға, әрі шыңғыраулықтардың мақтанышы!
Гүлназ Мұқан,
Шыңғырлау ауданы