22.10.2022, 12:01
Оқылды: 41

Жерлесіміз Нұрлыбек Иманбаев "Жыл тұлғасы" номинациясының иегері 

Бөкейордалық шекара қызметінің әскери қызметшісі Иманбаев Нұрлыбек Машанұлы 2021 жылдың 29 желтоқсанында "AVTO LOTO"  лотореясынан құны 7 519 000 теңге "Hyundai Accent" маркалы автокөлік ұтып алған болатын.  Нұрлыбек Иманбаев бұл соманың барлығын қайырымдылыққа жұмсауды жөн көрді. Қаңтар трагедиясында қаза болған курсанттардың отбасыларына 500 мың теңгеден материалдық көмек көрсетіп, ауыр дертке шалдыққан баланың еміне 1 млн. теңге сомасында беруге шешім қабылдаған.

4

Қалған 4 767 100 теңге сомасында қаржыны Бөкей ордасы ауданының Бисен ауылының аз қамтылған, қолдауға мұқтаж отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін "Харекет" қайырымдылық қорына аударды. Қайырымды жанның бұл жақсылығы назардан тыс қалмады.

3

Нұрлыбек Иманбаевқа Астана қаласында өткен «Жомарт жүрек-2022» республикалық байқауында белсенді азаматтық ұстанымы, түрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметі үшін ҚР Қоғамдық даму министрінің дипломы табысталып, "Жомарт жүрек- 2022" сыйлығының "Жыл тұлғасы” аталымымен марапатталды.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале