22.11.2021, 16:00
Оқылды: 72

Жерлесіміз жеңіспен оралды

Тасқала ауданы Мереке ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы Мейрам Мұхтаров республикалық "Қоғам белсендісі - Үздік көшбасшы" байқауының жеңімпазы атанды.

Мейрам марапат

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған "Тәуелсіз елдің көшбасшы жастары" республикалық конференциясы өтті.  Аталмыш жиынға елдің түкпір-түкпірінен жастар саясатының дамуына үлес қосып жүрген мамандар қатысты. "Қоғам белсендісі - Үздік көшбасшы" атты байқаудың қорытындысы бойынша жерлесіміз Мейрам Мұхтаров І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ "Қоғам белсендісі - Үздік көшбасшы" төсбелгісі мен көшбасшы жастардың жинақ кітабы табысталды.

-Байқауға қатысқан әр саланың үздіктері мен студент жастар ҚР-ның Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлы мен ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Әлия Маратқызының қолынан марапат алды.Әр қатысушы өз жұмысын жақсы меңгерген, бойында намысы бар ұлтжанды азаматтар. Айтулы байқау барысында өзара тәжірибе алмасып, жақсы кездесулер өтті. Жалпы көшбасшы жастардың алға қойған мақсат-міндеттері айқын екенін көрдік. Сондай белсенді мамандармен араласып, кәсіби тұрғыдан жетіліп келгенім рас. Жүлделі болғанды естіп қуанышымды бөлісіп жатқан барша жанашырларға алғысым зор. Бұл – менің ғана емес, барша әріптестерімнің ортақ жеңісі,- дейді көшбасшы маман Мейрам Мұхтаров.

Әсемгүл Бекешева,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале