22.10.2021, 14:30
Оқылды: 58

Жерлестердің жағдайын біліп қайтты

Бүгінде жер-жерлерде, әрбір мекемеде «Қайырымдылық» айлығы аясында аға буынды құрметтеуге, сүйемелдеуге негізделген шаралар қолға алынуда. Бұл өмір заңдылығы, дәстүр сабақтастығы.

244589250_547901182971070_2565377667327751529_n

Жуырда Шыңғырлау ауданы әкімшілігінің бастамасымен, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен арнайы топ Бөрлі ауданы мен Орал қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып қайтты.

Игі мақсатты көздеген топты бастап барған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Саян Баймұханов орталықта өмір сүріп жатқан жерлестердің әр қайсысымен сөйлесуге тырысып, хал-жағдайларына қанықты.

Туған жерден келген ауылдастарын  көрген олар да ерекше тебіреніп, сонау артта қалған күндерді еске түсіріп, таныстарын сұрастырып, мәре-сәре болып қалды. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әуелете ән салып, қамкөңіл жандардың көңілдерін серпілтуге тырысты.

243266518_547901359637719_6887640856200990296_n

Туған жерге сәлем жолдап, амандықта кездесейік деген тілек бұл күні әр жүректің түбінде  жатқаны рас еді.

Гүлім Шынтас,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале