30.05.2022, 14:30
Оқылды: 49

Жерлестеріміз жүлдегер атанды

Мамыр айының 19-22 күндері, Орал қаласында қол күресінен (armwrestling) ересектер арасында VII халық ойындарының облыстық кезеңі өтті. Халық ойыны (4)
Аталған спорттық шарада Батыс Қазақстан облысынан 13 команда қатысып, бақтарын сынады. Мықтылар додасында Қаратөбе ауданының намысын қорғап, жақсы ойын өрнегін көрсеткен жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтар болсақ, 100 келі салмақта Фархат Қалиев ІІІ орынды қанжығасына байласа, 60 келі салмақта Ержан Ерболат І орынды жеңіп алып, қарсыластарынан оқ бойы оза шауып чемпион атанды. 90 келі салмақта өнер көрсеткен Бауыржан Қайырғалиев IV орынға табан тіреді. 70,80,100 келілерде өнер көрсеткен Жандарбек Ниязов, Эльмар Темір, Асан Дошимов сынды жас спортшыларымыз VI орындардан көрінді.

Халық ойыны (2)

Жалпыкомандалық есепте 13 команда арасынан 62 ұпаймен ауданымыздың командасы үздік үштіктің қатарына кіріп, қола медаль иеленді.

Әмірбек Әлібекұлы,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале