18.08.2020, 12:50
Оқылды: 78

Жерлестеріміз жүлделі болды!

Кеше ғана Сырым ауданының "Syrym Runner's" тобының мүшесі жайында жазған едік. Бүгін, міне, сүйінші хабар жетті. "Uralsk Runner's" әуесқой жүгірушілер тобы ұйымдастырған онлайн жартылай марафонында жерлестеріміз жүлдесіз қалмады.marafon (4)

Ерлер арасында 40-59 жас аралығындағы жас категориясы бойынша 5 км қашықтықта Аян Жоламанов І орын, 18-39 жас аралығында Ерболат Исанов ІІІ орынды иемденсе, әйелдер арасында Нұргүл Жоламанова 10,5 км қашықтықты бағындырып ІІ орынға табан тіреді.
Одан бөлек, ел басына күн туғанда аудан азаматтарының аманатын ауруханаға жеткізуде үлесін қосқан, облыстық орталық мешітінің наиб имамы Бақытжан Құралбайұлы 21,1 км қашықтықты бағындырып І орынды иеленді.
Жүлдегерлер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қ.Есендияровтың дипломымен, медалімен марапатталды.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале