11.04.2020, 11:01
Оқылды: 160

Жерлестеріне жомарттық танытты

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде "BizBirgemiz" республикалық акциясы кең көлемде жүргізіліп, отандастар тарапынан үлкен қолдауға ие болуда.

72D0E494-D0DE-4BA1-811E-EBFCAC0CFC66

Осы акция шеңберінде және "Ардагерлерді ардақтайық", "Бақытты отбасы", "Кедергісіз келешек" партиялық жобалары аясында Казталов ауданы Ақпәтер ауылының перзенттері Самат Хасанов пен ағайынды Мырзабек, Тұрсынбек Қабатовтар туған ауылындағы мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы жиырма жанұяға бірінші кезектегі азық-түлік тауарлардан қайырымдылық көмек көрсетті.

46FCCFCC-CD0E-43C7-8C96-A2BA8500FA94

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тағамдары арасында жоғары сұрыпты астық, күнбағыс майы, қант, шәй, күріш, картоп, макарон бұйымдары мен жаңадан сойылған ірі қара малының еттері бар.

4D7EED25-7F95-43AF-884E-6C81E81BA65E

Жалпы сомасы алты жүз  мың теңгені құрайтын қайырымдылық акциясын жүзеге асыруға ауылдағы еріктілер қоғамының мүшелері кеңінен атсалысып, тауарларды дер кезінде  үлестіруге көмек көрсетті.

7B4F7F81-CED4-4D1B-BE58-C5A75DF54D87

Елде жүріп жатқан "BizBirgemiz" республикалық акциясына сүбелі үлес қосып, жерлестерін шексіз қуанышқа бөлеген кең жүректі жомарт жандарға күтпеген көмекке ие болған ауылдастары шексіз ризашылығын білдірді.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале