8.09.2021, 11:04
Оқылды: 28

«Жетікөл» турнир кестесін бастады

Орал қаласында Сырым ауданының шағын футбол командалары арасындағы «Batys Syrym» лигасының IV турының ойындары жалғасуда.

 1

Кешегі аптаның сенбісі мен жексенбісінде лига қатысушылары өзара 12 ойын өткізді. Командалар әр матчты өз пайдаларына шешуге тырысуда. Әрине, салқынқанды өтіп жатқан ойындар да бар. Мысалы, «Талдыбұлақ» «Алғабаспен» де, «Бұланмен» де тең ойнап, екінші күнге күшін сақтаған еді. Дегенмен, келесі күні «Жырақұдыққа» 2:6 есебімен есе жіберіп алды.

2

«Жетікөл» командасы бірінші күні «Тоғанастан» 5:10 есебімен айласын асырса, келесі ойында «Өлеңті Жас» командасының қақпасын 12 рет дәл көздеп, турнир кестесінің басында тұруға лайық екендерін дәлелдеді. Оларда 16 ұпай бар.

«Құспанкөл» 15, «Алғабас» 13 ұпаймен алғашқы үштікті аяқтап тұр.

Қазір командалардың алдында бір ғана мақсат бар. Ол – лиганың финалына жету. Нағыз қызу ойындар сол кезде басталады.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале